Елордада карантинді елемей жұмысын жалғастырып жатқандар жетерлік. Әсіресе, калян мен караоке барлары, түнгі клубтар мен сауналар елдегі жағдайдан бейхабар сияқты. Сыртқы есігі жабық тұрғанмен, іші думанға толы. Оларды полицейлер күнделікті тексеріп жүр. Нәтижесінде, бір айда 600 заң бұзушылықты анықтаған.