Бүкіл әлем короновируспен күресіп жатқанда, Ресейден құс тұмауы шықты. Қауіпті індет Қостанаймен шектесетін Челябі облысы аумағында тіркелген. Бұл туралы Россельхознадзордың аймақтағы басқармасы хабарлады. Увельский ауданындағы көлдердің жағасынан бір жабайы үйрек пен төрт қаздың өлексесі табылған. Зертханалық тексеріс олардың бойынан құс тұмауы белгілерін тапты. Қазір аймақтағы елді-мекендерге карантин режимі енгізілді. Қазақстан аумағында бұл жағдайға байланысты қандай да бір сақтық шаралары қолға алынғаны жайлы ақпарат жоқ.