Медициналық мекемеде коронавирус індетін жұқтырғандар емделеді. Аурухана Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің аумағында бой көтереді. Жалпы ауданы 4 жарым гектарға жақын. Жобаның құны 6,2 миллиард теңге.
Құрылыс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны үнемдеудің есебінен жүзеге аспақ. Емдеу мекемесі замануи озық медициналық қондырғылармен жабдықталады. Әр палатаға кислород тарататын станция қойылады.
Жандос Темірғали