Бүгін Ұлыбритания, Америка және Қазақстан ғалымдары, сарапшылары мен жазушылары Ұлы Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне және ұлттық дүниетанымына қосқан үлесі жөнінде онлайн конференцияға қатысты.
Биыл Ұлттық аударма бюросы Cambridge University Press пен бірлесе отырып Абай шығармаларын ағылшын тілінде басып шығаруды жоспарлап отыр. Абайдың өлеңдерін британдық ақын әрі профессор Шон О’Брайен аударса, қара сөздердін әйгілі шотландық ақын Джон Бёрнсайд тәржімалайды.
Джон Абай шығармаларын Шекспир, Поупа, Свифта сияқты батыстың авторларымен үндестікте екенін айтады.
Бұдан бөлек, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігіндегі елшілігі Абай әндерін жинақтап, кітап етіп басып шығармақ. Сондай-ақ Абай өлеңдерін оқудан челлендж ұйымдастырып, арнайы онлайн-концерт өткізбек.
Индира Бектен