Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында зертхана жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматын ұстады.
Зертхана мен қылмыскерлердің үйін, көлігін тексеру барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған жалпы алғанда 55 кг-дан артық жоғары сапалы «мефедрон» есірткі заты тәркіленді. Бұл өнімдердің «қара нарықтағы» құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ, ірі сомадағы шетел валютасы мен қару-жарақ алынды.
Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 кг есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді.
Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды (15 бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін).
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі