Президент Қорғаныс министрі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қорғаныс министрі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады

07.08.2020

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жоғарғы Бас қолбасшыға қарулы күштердің әскери және жедел даярлығы, Қазақстан армиясын дамыту туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ел әскерін дамытуды жоспарлау кезінде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескеруге баса мән берді. Сондай-ақ әскерді жаңғыртуға, әскери комиссариаттар қызметін автоматтандыру және цифрландыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады. Ахметжан Есімов қор биыл наурызда дәрігерлер, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты. Сондай-ақ, 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 импульсті оксиметр және 3000 вирусқа қарсы «Авифарир» дәрісі сатып алынған. Ал Нұр-Сұлтан және Алматыда салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау емханаларының құрылысына қаржы бөлінетінін жеткізді.


Хабарламаларға жазылу