Халықтың 15 пайызы COVID-19-ға қарсы тегін вакцина алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың 15 пайызы COVID-19-ға қарсы тегін вакцина алады

07.08.2020

Қазақстандықтардың 15 пайызы Covid-19 ға қарсы вакцинаны тегін алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Қазақстан үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен дайын вакцина сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Әлемде клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне өтуге рұқсат алған санаулы фармкомпания бар. Еліміз халықаралық ұйымға міндетті екпені алғашқы болып алатын қауіп тобындағы азаматтардың есебін ұсынды. Бұл созылмалы сырқаты бар, 65 жастан асқан азаматтар және медицина қызметкерлері. Шамамен екі миллионнан астам адам. Қажет болған жағдайда тегін вакцинациядан өтетін азаматтардың саны халық санының 15 пайызынан 20 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін. Болжам бойынша бір вакцинаның құны 4-8 мың теңге аралығында болмақ. Мемлекет екпеге 18 млрд теңге жұмсайды деп жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу