Жалған ақпарат енгізудің салдары ауыр болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған ақпарат енгізудің салдары ауыр болуы мүмкін

07.08.2020

«Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне жалған ақпарат енгізудің салдары ауыр болуы мүмкін. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Қазір қандай емдеу мекемелерінің шындыққа жанаспайтын мәліметтерді емделушелердің ем-дом тарихына не себепті қосып қоюғаны текеріліп жатыр. Құзырлы мекеме кәнәлілер заң алдында жауап береді деп отыр.

Жүйедегі бұл былықты сала министрлігі үлкен қылмыс деп атады. Өйткені, медициналық ұйымдар жалған жазба арқылы нағыз науқас пен сау адамды қолдан шатастырып отыр.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

Бұл жалған ақпаратты, қолданған мед орталықтар кәдімгідей қылмыс істегенмен бірдей. Неге десең мысалы бір науқас ес-түссіз емханаға түскен кезде кез-келген дәрігер оның құжаты бойынша компьютерлік орталықтан өткендегі аурулары мен қабылдаған дәрілерін қараған кезде жалған ақпарат алады да емдеу ережесін басқаша жолмен жүргізеді ғой. Соның нәтжесінде науқас емін алмауы да мүмкін. Және өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Науқасты көрмей, ауруын білмей, талдап, зерттемей-ақ қағаз жүзінде емдей салып жүргендердің басым көпшілігі Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Алматы өңірлеріне тиесілі. Ең сорақасы, мұндай бұрмаланған тіркемелер биыл ғана қосымшаға жүктелмеген. Бұған дейін де болған. Медициналық ақпараттық жүйенің қосылғанына 3 жыл. Бастапқыда қолданушылардан шағым ара-тұра түсіп тұрған. Соңғы уақытта қарша бораған. Қайткенде де мәселе реттелуі тиіс. Жалпы, ақпараттық қауіпсіздікке бей-жай қарамау керек деп отыр сарапшылар.

Мыңжылқы Бердіқожаев, медицина ғылымдарының магистрі, нейрохирург:

Оны толық тексеріп шығу керек. Ол қателік неге пайда болып жатыр. Сонымен қатар медицинаға жалпы ЦТ-ға жасанды интеллектіні қосып, жұмыс істетіп жатыр. Тікелей дәрігерлер қате деп айту дұрыс емес.

Ал жоқ ауруды ауадын тауып, сау адамды сырқат қылғандардың ісі енді майшаммен қаралмақ. Өйткені, бұл жағдай қор мен медициналық мекемелер арасындағы құқықтық қатынастар шекарасынан асып кетті деп отыр ведомства заңгерлері. Бірақ кеткен шығын 3 есе артығымен өндірілді. 75 млн теңге. Бір қызығы мұндай қыруар қаржыны емдеу мекемелері қайдан алды? Құзырлы органдар осы сұрақтың соңына түсті.


Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу