Ордабасы ауданында короновируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ордабасы ауданында короновируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты

07.08.2020

Ордабасы ауданында короновируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты. Осылайша аурухананың инфекциялық бөлімі бос қалды.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері осы қуанышты жағдайға куә болды.

Ордабасы ауданында 158 адам коронавирус жұқтырған. Өкінішке қарай 2 науқас қайтыс болды. Қалғандары құлан таза айығып шыққан.

Пневмония дерті де азайып келеді. Провизорлық госпитальде қазір 21 науқас ем қабылдап жатыр. Солардың бірі – Мырзабай Оңлабек. Жасы сексенге таяған ақсақал демігіп, ауруханаға ауыр халде түскен. Қазір жағдайы жақсарып, дәрігерлеріне алғыс жаудырды.

Мырзабек Оңалабек, Ордабасы ауданының тұрғыны:

Ауруханаға түскенде есімді білмедім. Дем ала алмай.Осы жерде коляскамен әкеліп жатқызды. Дәрігерлер жақсы қарап жатыр.


Хабарламаларға жазылу