15 мың теңге коммуналдық көмекті тағы 50 мың адам алуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 мың теңге коммуналдық көмекті тағы 50 мың адам алуы мүмкін

07.08.2020

Коммуналдық ақы үшін берілетін 15 мың теңге көмекті тағы 50 мыңдай адам алуы мүмкін.

Өйткені, төтенше жағдай режимінің соңғы күндері өтініш жазған азаматтардың құжаты әлі де қаралып жатыр. Ал, бүгінге дейін 1 миллион 600 мыңдай адам өтінім берсе, соның 735 мыңы көмек алған. Әсіресе, Түркістан облысы мен Алматы, Шымкент қалаларынан өтініш көп. Мәселен, Шымкентте құжаттарды тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазір абоненттердің шотына жалпы 527 миллион теңге аударылса, тағы 140 миллион теңге 15-ші тамызға дейін жіберілуі мүмкін.

Айнұр Примашева, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

Жалпы, республикалық бюджеттен 49 млрд-тай ақша бөлінді. Салыстыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, шамамен, 22 млрд теңгедей игерілді.


Аман Сейтхан

Хабарламаларға жазылу