Отандық вакцина келер жылы қолданысқа енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық вакцина келер жылы қолданысқа енуі мүмкін

09.08.2020

Қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан вакцина келер жылы қолданысқа енуі мүмкін. Мамандар оның клиникалық зерттеу кезеңі желтоқсанда аяқталатынын айтады. Егер екпе нәтижесі ойдағыдай шықса халық індетке қарсы вакцинаның игілігін көре бастайды.

Вакцинаны зерттеу жұмыстары 4 кезеңнен тұрады. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияға байланысты екі кезеңге қысқартуға рұқсат берді. Клиникалық зерттеудің сол екінші маусымы елімізде желтоқсанда аяқталады. Осылайша отандық вакцина сапасының нәтижесі жыл соңына дейін белгілі болмақ. Ал мамандар биыл басталған биофармацевтикалық зауыттың құрылысын күтпей, қолда бар мүмкіндікті пайдаланбақ.

Жанна Құрманғалиева, ҚР БҒМ ғылым комитетінің төрайымы

1 жарым млн дозаға дейін шығару мүмкіндігі бар. Ал зауыт салынғаннн кейін, өндірістік әлеуеті 60 млн дозаға дейін жетеді. Ал вакцина клиникалық сынақтардан өтсе, нәтижелі болса, оны біз зауыттың құрылысы аяқталғанын күтпей, осы институттың, зертханалардың күшімен вакцина шығара аламыз.


Хабарламаларға жазылу