Елімізде COVID-19 вирусын жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.
«Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ босаңсуға болмайды. Ендігі міндет - вирусты жұқтыру мен болып жатқан өлімді тоқтату», - деді Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметтерге сәйкес, соңғы тәулікте ел аумағында 746 адамның адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.