Елордалықтар Абайдың 175 жылдығына арналған әуенді челлендж бастады. Сан сала мамандары ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Қатарында дәрігерлер, көлік жүргізушілері, полицейлер, құтқарушылар, мұғалімдер және түрлі этномәдени бірлестік өкілдері бар. Ақынды ұлықтаған олардың бұл бастамасын эстрада жұлдзыдары да қолдап әкетті. Осылайша шараға қатысушылар қазақтың ұлы таланттарын насихаттауға шақырып отыр.
Нысаналы Ығыл