«Астана Балет» театры Абай күніне орай, «Onstage/Online» арнайы шығарылымын ұсынды. Оның алғашқы қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының қоюшы-хореографы Айгүл Тәти – ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жерлесі. Тәжірибелі балетмейстер театрдың ұлттық стилінің қалыптасу үрдісі жайлы, жалпы, қазақ биінің болашағы жайлы әңгіме өрбітті. Өз кезегінде, театр ұжымы 10 тамыз Абай күні болып бекітілуі - халқымыздың бірлігін нығайтып, өткенімізді ой зердесінен өткізіп, болашақты бағамдауымызға тағы бір қадам болғаны даусыз деген пікірде. Театрдың ютубтағы арнасында Абайдың туған күні қарсаңында тағы бағдарламамаен қатар, "Балетке қатысқым келеді" деректі фильмі көрсетілмек.
Дүйсенбай Мұсабеков, «Астана Балет» театры директорының орынбасары:
Ұлы Абай сияқты бабабаларымызды үлгі етіп, болмасаңда ұқсап бақ дейді болмасақ та ұқсап бағайық. Абай күні құтты болсын. ол кісінің аруағы мен рухы біздің елді мадақтап тұрсын.
Раушан Сайлауқызы