Ақтөбелік көзі көрмейтін азамат медицина орталығында жұмыс істеп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік көзі көрмейтін азамат медицина орталығында жұмыс істеп жүр

12.08.2020

34 жастағы ақтөбелік Дулат Бөгенбаев 3 жылдан бері медицина орталығының физиотерапея бөлімінде қызмет етіп келеді. Еңбекқор жігіт аз ғана уақыт ішінде мақтаулы маман атанып үлгерді. Ал, пандемия кезінде өзі сұранып, облыстық ауруханада сантитар болып қызмет етіп жатыр. Дулат Ақтөбедеге медицина колледжінің түлегі. Қолына дипломын алған соң бірден массаж жасайтын маман болып қызметке орналасты. Бар-жоғы екі-үш жылдың ішінде өз саласындағы ең мықты маманның біріне айналды. Ал, пандемия уақытында өзі сұранып, санитар ретінде ауруханада жұмыс істеп жүр.

Дулат Бөгенбаев, Медицина қызметкері: 

Осы больницаға ұсыныс білдіргем. Үйде отырғаннан жұмыс жасай берейін деп. Больница әкімшілігіне рахмет, рұқсат беріп істеткеніне. Пациенттердің көңілінен шығып, ол адамдар іздеп келіп жатады.

 

Жақсыбек Кемал 

Хабарламаларға жазылу