Атырау қаласы маңындағы Ракуша елді мекенінде қатты дауылдан мектеп үйінің 952 шаршы метр шатыры ұшып кетті. Абырой болғанда апатты жағдайдан адамдар зардап шеккен жоқ. 1968 жылы салынған бұл білім ордасында 360 бала білім алып келген. Мектептің шатыры 2003 жылы жаңартылған екен. Оқушылар жазғы демалысқа шыққанымен, мектептің жанында фельдшерлік бөлімше мен ауыл клубы орналасыпты. Қазір, қалалық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметі мамандары тексеру жүргізуде. Келтірілген материалдық шығын анықталуда.
Фариза Ізмағамбетова, мектеп директоры:
Абырой болғанда, сол уақытта ешқандай емтихан жоқ. Республикалық сайысқа қатынасатын балаларымыз бар еді, оларды да күннің ыстығына байланысты кешке шақырған болатынбыз. Қызметкерлер де мынандай апатты жағдайдың айналасында болмағанына қуанып тұрмын.