Қазақстан 17 тамыздан бастап 7 елмен халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қосады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Нақтырақ, 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Мысыр, Беларусь, Германия, Нидерланды, Украина және Ресейге халықаралық рейстер кезең-кезеңімен жаңартылады.Рейстер мен билеттерді сату әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сай жүргізіледі.