Қостанайда да тағы бір провизорлық орталық жабылды. Осылайша, бір аптада аймақтағы екі стационар жұмысын тоқтатты. Соңғысы 24-шілдеде ашылған болатын. Жаңа орталық қалалық темір жол ауруханасының жанынан жасақталған. Онда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 116 адам емделіп шықты. Науқастарға 56 медицина маманы тәулік бойы қызмет көрсетті. Өңірде эпидемиологиялық ахуал жақсарғалы облыс бойынша барлығы 7 стационар жабылды.
Дәуренбек Әбдібек