Маска тақпаған ветеринарға айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маска тақпаған ветеринарға айыппұл салынды

14.08.2020

Карантин талабын сақтамағаны үшін Қостанайда ветеринарлық клиника қожайынына 600 мың теңге айыппұл салынды. 28 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Максим Падерин 13 тамыз күні өзінің инстаграмм парақшасында бейнежазба жариялады. Ол жазбасында полицейлердің оған себепсіз 600 мың теңге айыппұл салғанын айтты. Максимнің мәлімдеуінше, ол өз жұмыс орнында тәртіп сақшылары келген кезде ғана маскасыз отырған. Өйткені, сол кезде түскі асын енді ішіп болған. Максим Падериннің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін оған жергілікті тұрғындар тарапынан қол ұшын созу мақсатындағы қоңырау шаоушылар көбейген. Заңгерлер де оған өздерінің кеңесін берген.

Алмат Байкенов, Қостанай қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:  

Салынған айыппұл көлемі 230 аек яғни 600 мың теңге. алайда, жеңілдетілген өндірістік іс бойынша ол 300 мың тегесін өтейді. кәсіпкер бұл шешіммен келісіп отыр. айыппұл 7 күн аралығында төленуі тиіс. керісінше жағдайда іс қайта қаралатын болады.   

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу