Талдықорғандағы дәрі-дәрмек бағасы қатаң бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандағы дәрі-дәрмек бағасы қатаң бақылауда

14.08.2020

Алматы облысында дәрі бағасы қатаң бақылауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханаларға препараттардың шекті бағасы жазылған парақшалар іліп, тұрғындарды ақпараттандыруға кірісті. Арнайы парақшада ең қажет деген бес препараттың бағасы белгіленіп, QR код көрсетілген. Бұл кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Жаңа жобаны еліміздің басқа да өңірлері тәжірбиеге енгізді. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар парақшада көрсетілген байланыс телефондарына қоңырау шалып, шағымдана алады.

Аманжол Жазықбаев, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

Тұрғындар бізге осындай дәріханада дәрі бағасы шекті бағадан асып кетіпті деп хабарласса, біз жерігілікті атқарушы билікпен хабарласып, дәрі бағасын реттеп оытрамыз.  


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу