Коронавирус азық-түлік арқылы таралмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп отыр. Бұған дейін Қытай мамандары импортталған тауық пен шаян етінен инфекция анықталғанын хабарлаған. Ұйым өкілдері болса, алаңдауға негіз жоқ дейді. Вирус тек адамнан адамға жұғады. Осы күнге дейін әлемде «ковид» жұқтырғандар саны 21 миллионға жетіп, 760 мыңдай науқас көз жұмды.
Жансая Қапасқызы