Коронавируспен күресте Түркістан облысының дайындығы жақсы. Жұмысты жүйелі әрі ұтымды ұйымдастыра білді. Бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният облыс медицинасына осындай баға берді. Вице-министр алдымен Ордабасы ауданындағы орталық ауруханаға соқты. Емдеу мекемесінде қазір бірде- бір ковид жұқтырған науқас жоқ. Аурухана 120 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауданда коронавируспен 158 адам ауырып, өкінішке қарай, екеуі қайтыс болған. 9 өкпені жасанды желдету аппараты және 70-тен астам оттегі концентраты бар. Дәр-дәрмек қоры да жеткілікті. Вице министр бұдан соң Түркістан облыстық нөмірі №3 Перинаталды орталық пен медициналық жедел-жәрдем стансасының қызметімен танысты.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі:
Бұл вирус ешқайда кеткен жоқ. Санитарлық талаптарды әлі де ұмытуға болмайды. Вирустыжұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз қажет. Қазір медициналық ұйымдардың індетпен күресте жоғары дайындығын байқауға болады.
Гүлжазира Ғалиқызы