Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап қалпына келеді. Түркияның Транспорт және инфрақұрылым министрі Әділ Қара Исмаилоғлының осы мәлімдемесін Anadolu агенттігі таратты. Алайда Қазақстан тарапы бұл ақпаратты растаудан не жоққа шығарудан тартынып отыр. Естеріңізде болса екі ел арасындағы әуе қатынасы екі жарым айлық үзілістен кейін 20 маусымда жанданып, коронавирустың күрт өршуіне байланысты 4 шілдеде қайта тоқтаған. Әрі 5 тамыздан бастап Қазақстан азаматтарының Түркия аумағына кіруіне тыйым салынды.
Данияр Қайыртай