Ақтөбелік балға шетелдіктердің сұранысы артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік балға шетелдіктердің сұранысы артқан

15.08.2020

Ақтөбелік балға сұраныс жоғары. Қарғалы ауданының тұрғыны Александр Сенацкийдің өнімдерін Қазақстаннан бөлек, Германия, Қытай, Сауд Арабиясынан қалап алдыратындар бар. Себебі, сапасы өте жоғары, емдік қасиеті мол. Кәсіпкер пандемия кезінде жергілікті ауруханада ем алып жатқан науқастарды да ұмытпай, шипалы тағамдарын ұсынған.  Александр омарташылықпен 30 жылдан бері айналысып келеді. Қазір оның иелігінде жүзге жуық ара ұясы бар. Жаз шыға ол барлығын жүк көлігінің тіркемелеріне тиеп алып, гүлді аумақтарға келіп тұрақтайды.

Александр Сенацкий, Қожалық иесі: 

Әр маусымда 2-3 рет осылай балды ағызып аламын. Өнім мол беретін жылдары бұл процес 4-5 реттен де жасалады. Біздің бал Ресейден келетін балдан әлдеқайда жақсы. Сол жақтан келгендердің өзі дәмін көріп, таң қалды. Бәрі айналадағы табиғатқа, климатқа, желге байланысты.  

Жақсыбек Кемал 

Хабарламаларға жазылу