Жаңа салынып жатқан 9 қабатты нысанның техникалық дайындығын тексеру үстінде 37 жастағы жұмысшы абайсызда шахтаға құлап кеткен. Айта кету керек, марқұм осы жұмыс орнында 14 жылдан бері жұмыс істепті. Қазір оқиға себебі анықталуда.
Нұржан Құрақов, «Алматылифт» ЖШС Сервис директоры:
Алматы қаласының Еңбекпен қорғау департаментінің арнайы комиссиясы құрылады. Сол комиссия шешімімен тексеру жүргізіп, қорытындысы шыққаннан кейін ғана себебі белгілі болады.
Жазира ИСАЕВА