ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға 9 млн 801 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 7 ай ішінде өңірде 1317 рет жедел рейд жүргізіліп, заң бұзған 577 тұлға жауапкершілікке тартылған. Көбіне-көп тыйым салынған аулау құралдарын, тіркелмеген қайықтарды пайдалану, тыйым салынған орындарда балық аулау сынды заңбұзушылықтар тіркелген.
Альбина Әшім