Бүгін Елбасы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Онда ішкі партиялық іріктеу – праймеризді өткізу жайы талқыланды. Ендігі міндет- саяси шара туралы халықты ақпараттандыру. Бұл Мәжіліс пен мәслихат сайлауларына қатысатын белсенді, сауатты партия мүшелерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазір дайындық жұмысы жүріп жатыр. Бұдан басқа Бауыржан Байбек партия төрағасына сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Және «Birgemiz» қорының қызметі жайында айтып берді.
Сондай-ақ Елбасы «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды.
Нысаналы Ығыл