Атырауда 100 орындық провизорлық стационар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 100 орындық провизорлық стационар жабылды

17.08.2020

Атырауда туберкулезге қарсы диспансер жанынан ашылған 100 орындық провизорлық стационар жабылды. Бір аптада мұнда коронавирус және пневмония дертімен сырқаттанған науқас түспеген. Соңғы пациент 12 тамыз күні емделіп шықты. Қазір диспансерде індеттің екінші толқынына әзірлік жұмыстары басталды. 

25 орынға кислородтық желілер тартылып, дәрі-дәрмек пен медициналық қорғаныс құралдарының қоры жасақталып жатыр.

Жандос Темірғали 

Хабарламаларға жазылу