Коронавирус індетімен күрес үшін 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
«Коронавирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Өз кезегінде қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. 13 модульдік инфекциялық аурухана 2,7 мың орынға арналмақ», - деді министр.