Оңай олжаға кенелгісі келгендер, ешбір растайтын құжаты жоқ «қара алтынды» өткізу үшін, сондай-ақ, өздерінің теріс әрекетін жасыру үшін «Кроун Яссир» деп аталатын серіктестік құрған.
Салық төлеуден жалтарған олар бухгалтерлік есепке кіріс және шығыс туралы жалған ақпарат енгізгені анықталды. Осының нәтижесінде мемлекетке 117 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.
Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 102 қылмыс анықталып, 90 миллион теңге тұратын 837 литр шикі мұнай тәркіленді.
Максим Финансов, облыстық Қаржы полициясының басқарма басшысы:
Көзейбаев, Қабдушев, Әшімов, Көзекбаев, Ибрагимов, Сәрсенбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс сотта қаралып, олар бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Айта кету керек, Әшімов, Көзекбаев және Ибрагимов бұрын да «Техстройгаз» деген жалған серіктестік ашып, жұмыс істегені үшін істі болған.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ