Елордада биыл қолжетімді баспана көлемі үш есеге артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
«Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. Іске асыру мәселелері бүгін ҚИК-пен келісілді.
Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты», – деп жазды қала әкімі.