Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмыс қаралды. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелері және келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстары таныстырылды. Қорытындысына сай алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Әсима Нұрбайқызы