Қазақстанда электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімі енгізіледі

21.08.2020

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу ісінде Оңтүстік Кореяның тәсілін қолдануды құп көріп отыр. Мұндағы басты қағида – өнімді жеткізушіні таңдау адами фактордың қатысуынсыз өтеді. Ол үшін электрондық жүйені жетілдіру керек. Сонда ведомствоның веб порталы компанияларды рейтингі мен балдық көрсеткішіне қарай автоматты түрде іріктейді. Тіпті конкурстық комиссия да болмайды. 

Жемқорлықты жоюдың келесі жолы – мемлекеттік сатып алу рәсімін электрондық дүкен арқылы енгізу. Қазір министрлік бағасы 100 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 270 мың теңгеден аспайтын тауарды онлайн сатып алу әдісін сынақтан өткізіп жатыр. Негізгі ақпараттық жүйе нарықтағы интернет-дүкендермен байланыстырылады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу