«Мектепке жол» акциясына «Ауыл» партиясы үн қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясына «Ауыл» партиясы үн қосты

24.08.2020

«Мектепке жол» акциясына «Ауыл» партиясының БҚО-тық филиалы да үн қосты. Демеушілердің қаржысына алынған сөмкелер мен оқу құралдары провизорлық орталықта істейтін медициналық қызметкерлердің балаларына арналды. Сый-тартулар ата-аналарға табысталды. «Бұған қоса Орал қаласы мен аудандардағы əлеуметтік аз қамтылған отбасылардың ұл-қыздары да ұмыт қалмайды», - дейді партия өкілдері.

Асан Сұлтанғалиев, «Ауыл» партиясы БҚО филиалының мүшесі:

- Ақ халатты жандардың балаларына қайырымдылығымызды көрсетпекпіз. Оларға алғысымыз шексіз. Қазіргі заманда бəріміз бірігіп, бір-бірімізді демеп, көмектессек, мұндай қиындықтан оңай шығамыз деп есептеймін.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу