Карантин талаптары жеңілдетілгенімен, сақтық шараларын естен шығармау керек. Медицина мамандары осылай деп отыр. Себебі күз, қыс айларында вирустық аурулардың өршитіні белгілі. Ал сақтық шаралары коронавирустың екінші толқынын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Шолпан Бектасова, №2 қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігері:
- Медициналық маска адамдарды жалпы тыныс алу жолдары ауруларынан, инфекциялық, вирустық, әсіресе, тұмау сияқты аурулардан қорғайды. Медициналық масканы әр екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
Сәкен Әміреев, медицина ғылымдарының докторы:
- Өзімізді өзіміз сақтайтын қарапайым шараларды ұстансақ, бұл инфекциядан құтылуға болады.
Оңғар Алпысбайұлы