Қазақстан Ресейден «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін алатын болды. Ресейге жұмыс сапарымен барған Үкімет делегациясы тиісті келісімге қол қойды.
Вакцина сынақтың барлық сатыларынан өткеннен кейін ғана əкелінеді. Гамалея атындағы эпидемиология жəне микробиология ұлттық зерттеу орталығы еліміз үшін екпенің қажетті бөлігін сынақтан өткізіп беруге əзір. Бұл ретте қауіпті топқа кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін жəне ерікті түрде жүргізіледі.
Ерхат Есқалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы:
- Шамамен2 миллион вакцина аламыз деп отырмыз. Ол алдымен зейнет жасындағыларға, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жəне созылмалы аурулары бар балалар мен ересектерге егіледі. Жалпы, азаматтардың 20 пайызы осы вакцинамен қамтылады.
Индира Бегайдар