31 тамыздан бастап мешіттер ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 тамыздан бастап мешіттер ашылады

27.08.2020

Мешіттер ашылғанда бес уақыт пен жұма намазы оқылмайды. Тек жеке-дара құлшылық жасауға рұқсат беріліп отыр. Онда да кіреберісте қызуын өлшетіп, маска тағып келу міндет. Арнайы белгіленген орындарда мінəжат етіп болған адам 15 минуттан көп бөгелмеуі тиіс. Ал жасы 65-тен асқан қариялар мен оқушылар жəне əйелдердің үйде қалғаны абзал. 

Бірақ мешітте Құран оқытуға болады. Бөлмеге 5 адамнан артық кірмей, ішкі тəртіпке бой ұсынса жеткілікті. Белгілі бір шектеулермен неке қиюға да мүмкіндік бар. Шариғат талаптарына сəйкес жұппен бірге тек куəгерлер келуі керек. Құлшылық орындары əр діни рəсімнен кейін желдетіліп, залалсыздандыру құралдарымен жиі жуылып тұруы шарт.

Сондай-ақ 31 тамыздан бастап қалааралық автобустар мен жолаушылар пойызы қайта жүреді. Бұған дейін əртүрлі бағыт бойынша 22 пойыз тоқтатылған еді. Негізінен Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Қызылорда жəне Түркістан өңірлерінен қатынайды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу