ШҚО-да полицейлер оқ ататын қалам тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да полицейлер оқ ататын қалам тәркіледі

28.08.2020

Шығыс Қазақстандық полицейлер Өскемен қаласының тұрғынынан оқтап атуға болатын қалам тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, белгі беру ракетасын атуға арналған шағын қару құралы қалам ретінде жасалған. Сонымен қатар, пәтерді тінту кезінде газ тапаншасы мен екі пышақ табылды. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінге тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 34 жастағы тұрғын атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу