Алматының жедел жәрдем қызметі күзгі-қысқы кезеңге дайындық жүргізіп жатыр. Қазір 11 қосалқы станцияның 180 бригадасында 3 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Коронавирустың жаңа толқыны басталса, бригадалар санын 220-ға, ал фельдшерлерді 120-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ 103 желісі бір уақытта қабылдайтын 30 қоңырауды 50-ге дейін көбейту қарастырылған. Сондай-ақ бригадалар мен диспетчерлер түрлі оқу-жаттығудан өтіп тұрады.
Айта кетейік, Алматыда эпид-жағдайдың тұрақталуына байланысты жедел-жәрдемге түскен қоңыраулар саны азайып келеді. Қазір шақыртулардың дені жарақат пен улану, қан айналымы жүйесінің бұзылуына қатысты болса, 15%-ы жүйке жүйесі шаршағандар.
Қуан Нұрақын