Мақтаралдық диқандар 300 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтаралдық диқандар 300 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз жинады

29.08.2020

Көктемде тасқын су астында қалған мақтааралдық диқандар қиындыққа қарамастан бүгінгі күнге дейін қауын-қарбыздан 300 мың тоннаға жуық өнім жинап үлгерді. Бақша өнімдері еліміздің ішкі нарығымен қатар, экспортқа да шығарылуда. Күн сайын қауын-қарбыз тиелген 300-ге тарта жүк көліктері ТМД, Прибалтика елдері мен Түркия, Германия, Грекия елдеріне жол тартады. Биыл аймақ диқандары 10 мың гектар алқапқа қауын, мың гектарға жуық жерге қарбыз еккен. Оның дені - отандық сорттар.

Баязит Әлімқұл, Мақтаарал ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

- Диқандардың 90 пайыз өнімді ТМД мемлекеттеріне, жақын елдерге экспорттап үлгерді. Қазіргі уақытта нарықтағы бағасы қауынның бір қорабы 1400 теңге болып жатыр. Килограмға шаққанда 80-85 теңгенің аралығында болып жатыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу