Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты.Отандық екпені Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған.
ДДСҰ бас-аяғы 19 мемлекеттің 33 екпесін клиникалық сынақ кезеңіне өткізген. Айта кетейік, халықаралық ұйымның рұқсатын алған мемлекеттердің ішінде ТМД елдерінен тек Қазақстан мен Ресей ғана бар.
Азамат Алдоңғар