Маңғыстауда шектеу шаралары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда шектеу шаралары жеңілдетілді

31.08.2020

Маңғыстауда соңғы 2 күннен бері бірде-бір науқас тіркелмеді. Соған байланысты Маңғыстау және Қарағанды облыстарында бүгіннен бастап шектеу шаралары біршама жеңілдетілді. Қаулыға сәйкес, кітапхана, мұражайлар мен театрлар, спорттық нысандарға жұмысын бастауға рұқсат. Тек келушілер саны 50 проценттен аспауы керек. 

Айрықша қорғалатын табиғи қорықтар мен мемлекеттік ұлттық парктер аумағына кіруге болады. Бастысы маска киіп, ара қашықты сақтау қажет. Сондай-ақ қала маңы жолаушылар пойызының, электрпойыздары мен қалааралық, ауданаралық автобустардың қатынасы жанданды. Жаңа қаулыға сәйкес, ертеңнен бастап барлық мектепте тек қана 1-ші сынып оқшылары үшін кезекші сыныптар ашылады. Әр сыныпқа 15 баладан артық қабылданбайды. 

Шымкентте шектеу шаралары тағы 2 аптаға ұзартылды. Салтанатты жиындарды өткізуге рұқсат жоқ, 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу