Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі

01.09.2020

Зардап шеккен шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі. Ұлттық банк айналымдағы қаражатты толықтыру үшін арнайы бағдарламаны жүзеге асырып жатқаны белгілі. Енді кәсіпкерлерге берілетін көмектің бұл түрі 2021 жылға дейін ұзартылатын болды. Бүгін Мемлекет басшысы өз жолдауында осыны тапсыра тұрып, қосымша 200 млрд теңге қарастырылатынын мәлімдеді. Осылайша қолдаудың жалпы көлемі 800 млрд теңгеге дейін жетпек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қадап айтқан тағы бір мәселе – өнеркәсіптік әлеуеттің әлсіздігі. Әлі күнге дейін өңделген тауарлардың үштен бірі шетелден келеді. «Демек ішкі нарықтың мүмкіндіктерін пайдалана алмай отырмыз»,-деп сынады. Сондықтан ұлттық индустрияны дамыту тұрғысында жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет. Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіруге пәрмен берді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу