Президент кезекте тұрғандардың баспана мәселесін жедел шешуді тапсырды. «Үй алуға табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі»,-деді.
Осы мақсатта биыл «5-10-25» бағдарламасы басталған. Бұл бағдарлама қазір Үкіметтің бақылауында. Одан бөлек, әкімдіктер кезекте тұрғандарға арнап жалға берілетін үй салып жатыр. Алайда оның бюджеттік процедураларына уақыт кетеді. Сондықтан сызбаға өзгеріс енгізу қажет. Қаражат тек құрылысқа емес, жалдау құнын субсидиялауға бағытталуы тиіс. Бұл жұмысты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» базасында құрылатын «Отбасы банкі» реттейді. «Банк басшысы осы мәселеге тікелей жауапты болады», - деді Президент.
Амангелді Сейітхан