Спорттық нысандар жұмысы қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорттық нысандар жұмысы қайта жанданды

02.09.2020

Еліміз бойынша карантиндік шаралар біртіндеп жеңілдеп келеді. Мәдени және спорттық нысандар жұмысын қайта бастады. Санитарлық талаптарды сақтай отырып 30 адамнан аспайтын жеке және топтық репетициялар өткізуге, кітапханалар мен музейлерге жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ал спорттық-сауықтыру орталықтары, жаттығу залдары мен бассейндердің қызметі әзірге демалыс және мереке күндері шектелген. Мәселен, келушілерді тек жұмыс күндері қабылдауға рұқсат берілсе де, Өскемендегі орталық бассейнде су спортымен шұғылданатын балалар көп. Жаттығу өткізу тәртібінде аздаған өзгерістер болғанымен, барлығы суда жақсы жүзудің қыр-сырын меңгеріп жатыр.

Жандос Нұрғалиев, орталық бассейн директорының орынбасары:

- Бір жолақта 10 адамға дейін болады. Мысалы, бассейінде 8 жолақ бар, сонда 1 сағатта 80 адам жаттығады. Өскемен қаласының тұрғындарына бұрынғыдай кешкі 20:00 және 21:00-де суға түсуге болады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу