Агроөнеркәсіп кешеніне маман даярлау мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агроөнеркәсіп кешеніне маман даярлау мәселесі көтерілді

02.09.2020

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласының мамандары тапшы. Алдағы уақытта «Ауыл» партиясы осы мәселені мықтап қолға алып, колледж, университет түлектеріне жұмыс, ал жұмыс берушілерге білікті маман тауып беруге септігін тигізбек. Партия белсенділері Талдықорған агротехникалық колледжінің мамандарымен кездесіп, мақсат жоспарларымен бөлісті. Оқу орнының өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне маман даярлау мүмкіндіктерін бағамдап қайтты. Талдықорған агротехникалық колледжінде қазір 7 мамандық бойынша мыңнан астам студент онлайн оқып жатыр. «Ауылдықтар» кездесу барысында биылғы Жолдауда агросекторға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтіп, саланың дамуына жан-жақты қолдау болатынын жеткізді. 

Қанат Бекеев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы:

- Алматы облысында жас мамандар жетіспейді. Соны шешудің бір жолы бар. Оқу орындарының басшыларымен кездесіп, балалардың оқу мәселесі бойынша, жазда тәжірибеден өту мәселесі бойынша аудандардағы еңбекпен қамту бөлімдерімен бірлесіп біраз жұмыс атқарсақ па деген ойымыз бар.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу