«Отандық өнім» сертификатын беру тәртібі қатаңдатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отандық өнім» сертификатын беру тәртібі қатаңдатылуы мүмкін

02.09.2020

«Қазақстанда жасалған» деген сертификатты беру тәртібі қатаңдатылуы тиіс. Бұндай ұсынысты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы көтеріп отыр. Алыпсатарлар көбіне шекаралас мемлекеттердің сапасыз тауарын отандық деген брэндпен, мемлекеттік сатып алуларға өткізеді. Мұның салдары адал кәсіпкерлердің табыстан қағылуына соқтырады. Бұл туралы Президенттің халыққа Жолдауында айтылған болатын. 

Мемлекеттік сатып алу платформалары арқылы жыл сайын 15 трлн теңгенің тауары мен қызметіне тендер ойнатылады. Бұл саудада «ST KZ» сертификаты мен индустриалды паспорты бар өнімге басымдық беріледі. 

Арман Мәмбетаев, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары:

- Ұсыныстарды Сауда және интеграция министрлігіне жолдадық. Онда біз осы сертификаттарды беру мәселесін күшейтудеміз. Оған тиісті қолданатын шаралар бойынша да ұсыныстарды енгіздік. 

Хабарламаларға жазылу