Үндістан әлем бойынша коронавирустың эпицентріне айналып барады. Елде үш аптадан бері күн сайын 80 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырып жатыр. Болжамдарға қарағанда, халқының саны 1,4 миллиардқа жеткен Үндістан осы қарқынмен кете беретін болса, таяуда коронавирус жұқтырудан Бразилияны ғана емес, АҚШ-ты да басып озуы мүмкін.
Соңғы мәліметке жүгінсек, пандемия басталғалы Үндістанда COVID диагнозы 3,7 миллионнан астам тұрғынға қойылып, 66 мыңнан астам адам қайтыс болған. Эпидемияның өршігеніне қарамастан, экономиканы құтқару мақсатында елдің бірқатар штаттарында карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер қайта ашылып жатыр.
Арыстан Рысбек