Атырауда 200 орынға арналған аурухана салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 200 орынға арналған аурухана салынып жатыр

02.09.2020

Атырау қаласында 200 орынға арналған модульді инфекциялық аурухана салынып жатыр. Емдеу мекемесі заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталады. Нысан демеушілер қаржысына тұрғызылуда. Ауруханада негізгі палаталардан бөлек арнайы далаға шығуға арналған бокстар болады. Сондай-ақ 20 орындық интенсивті терапия бөлімі де қарастырылған. Нысанның құрылысы қазан айында аяқталмақ. Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынуда.

Баян Жанұзақова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

- Аурухананы мамандармен қамту мәселесінде жергілікті мамандар тартылады. Сонымен бірге жас мамандар тартылады деп күтіліп отыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу