Отандық екпені салдыруға келіскендердің жасы 18 бен 50 аралығында болуы керек. Анамнезінде COVID-19 диагнозының болмауы - негізгі шарттың бірі. Зерттеу басталған соңғы екі аптада инфекция расталған немесе инфекцияға күдікті адамдармен тығыз байланыс орнатпауы тиіс. Алкогольге және есірткіге тәуелді, психикалық ауытқулары, ауыр эндокриндік және бүйрек сырқаттарының болмауы ескеріледі. Жүрек және қан айналым жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрмауы да маңызды. Жүкті және бала емізетін әйелдер зерттеуге қатыса алмайды. Еріктілер туралы барлық ақпарат құпия сақталады.
Нысаналы Ығыл